Қарағанды балабақшаларының бірінде сәбилер соққыға жығылған

581

Жекеменшік балабақша директоры ата - аналар шу шығарған соң топты жауып тастаған.

Қарағанды балабақшаларының бірінде сәбилер соққыға жығылған Фото: видео скриншот

Қарағанды қаласындағы “Растем вместе” жеке меншік балабақшасынан шу шықты.

Ата-аналардың айтуынша осы балабақшадағы ең кішкентай топтың балалары үйге денелері көгеріп келетін болған. Сөйлей алмайтын екі жастағы балаларға толық күтім жасалмайды. Балалар көбінесе үйден киіп барған жаялықпен күні бойы жүретін болған. Сәбилердің денесінен көгерген жарақат іздері байқалған. 

"Ұлым екіге енді ғана толды, толық сөйлемейді. Осыдан бір күн бұрын балабақшадан алуға барғанда мені көріп тоқтамай жылады. Үйге келген соң денесін қарасам арқасы, жамбасы көгеріп қалыпты. Тәрбиешіге айтып едім мойындады, алайда кейін тақтаның алдында құлап қалды дейді. Кеше кешкісін балабақшаға барып бірнеше ата - ана директормен сөйлеспекші едік. Ол бізді тыңдамады, полиция шақырдық, оларды да шығарып жіберді. Заң бар ма өзі осы мемлекетте", - деді ата-ананың бірі Әселім Сатыбалды.

Ата - аналардың айтуынша шу шыққан күні кешкісін балабақшадан ата - аналарға сол топтың жабылып қалғанын хабарлаған.

Бүгін таңертең балабақша күзетшісі “Айгөлек” балабақшасының жабылғанын айтып ата - аналарды кіргізбей қойды. Бұл топтағы балалардың барлығы мемлекеттік тапсырыс арқылы барып отырған сәбилер. 

Облыс әкімнің орынбасары Ерлан Құсайын бұл іске қатысты білім басқармасына тапсырма берілгенін, жағдайдың тексерілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу