Қарағанды диқандары шығынға батты

450

Себебі, тыңайтқыш пен гербецид, техника мен қосалқы бөлшектер бағасы қымбаттаған.

Қарағанды диқандары шығынға батты Фото: inbusiness.kz

Қарағандылық диқандар үшін егін егу науқаны өте ауыр болды. Себебі, тыңайтқыш пен гербецид, техника мен қосалқы бөлшектердің бағасы бірден 2,5 есеге қымбаттап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Салдарынан, шаруалар біраз нәрседен бас тартуға мәжбүр болыпты. Енді егін бітік шықпаса, кәсіпкерлер шығынның астында қаламыз деп алаңдайды.

Өңірдегі 36 мың гектар жерге егін салатын шаруашылық басшыларының сөзінше, қар суы топыраққа сіңгенімен, жаз шықпай жатып, алқап кеуіп қалған. Сондықтан, егістік иелері қымбат болса да тыңайтқышты пайдаланыпты. Олай істемесе, өнім шықпауы мүмкін.

"Бірінші жылғы пардан кейінгі аңыздарға 30 килограммнан аммофос сеуіп жатырмыз. Екінші жылға 50 килограмм аммофос сеуіп жатырмыз. Ал үшінші жылға 80 килограмм сульфоаммофос сеуіп жатырмыз. Қанша айтқанмен азот керек қой, азот жетпейді. Биыл күллі егініміз тыңайтқышпен себіліп жатыр", - дейді бас агроном Думан Шәктаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу