Қарағанды ескерткіштерін шимайлап тастаған қала тұрғыны анықталды

617

Өзін суретшімін деп жариялап алған Иван Рясковқа айыппұл салынды.  

Қарағанды ескерткіштерін шимайлап тастаған қала тұрғыны анықталды Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды тұрғыны Иван Рясков қала көшелеріндегі ескерткіштер мен аялдамаларды, тұрғын үй қабырғаларын шимайлап тастағанын мойындады. Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жариялаған.

Еске сала кетсек, осыдан шамамен екі апта бұрын Қарағандының қала болып құрылған күніне орай қойылған ескерткіш нысан мен аялдамаларды және үй қабырғаларын белгісіз біреу шимайлап тастаған болатын. Салынған шимай - шатпақ түсініксіз , адамның бет бейнесіне сәл ұқсайды. Содан бастап мұндай бұзақылыққа барған адамды полиция іздеген болатын. Дегенмен жақында Иван Рясков есімді қала тұрғыны бұл әрекетті өз мойнына аламын деп мәлімдеді.

Ол өзінің ісіне өкінетінін айта келіп, стрит-арт жанрында салынатын сурет өнеріне билік назарын бұрғысы келетінін айтқан. “ Атың шықпаса жер өрте ” деген мақсатта бұл азамат өзін жарнамалағысы келетін тәрізді. Бұған дейін ол 2008 жылы қала көшесінде жалаңаш жүгіріп өтемін деп полицияға ұсталған болатын. Енді бұл жолы ол айыппұл арқалады.

“Полиция қызметкерлерімен 34 жастағы қала тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды”,- деп мәлімдеді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Енді суретші шимайларын сатып айыппұлды төлесем деп тұрғындардан көмек сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу