Қарағанды хайуанаттар бағында шағын ипподромдар пайда болды

425

Иппотерапияға мұқтаж балалар үшін жылқылар мен алаң тегін беріледі.

Қарағанды хайуанаттар бағында шағын ипподромдар пайда болды Фото: gov.kz

Қарағанды хайуанаттар бағында пони, ат және түйе мінуге арналған екі шағын ипподром салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Әзірге хайуанаттар бағында демалыс күндері сағат 13.00-ден бастап жүруге болады.

– Ипподромдарда біздің қызметкерлер келушілермен жұмыс істейтін болады. Ал өздігінен ат мінгісі келетін адам бізге 44-18-43 нөміріне қоңырау шалып, жазыла алады. Біз жылқыны дайындаймыз. Иппотерапияны қажет ететін балаларға хайуанаттар бағы жылқылар мен алаңдарды тегін ұсынады, – деді Қарағанды зоологиялық паркінің директоры Гүлнар Адамбекова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу