Қарағанды қаласында "Арай" базары өртенді

742

14 сауда контейнері отқа оранған.

Қарағанды қаласында "Арай" базары өртенді

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 21 қазанда сағат 00:07-де Қарағанды қаласындағы "Арай" базарындағы өрт туралы хабар түскен. 

Өрт сөндірушілердің оқиға орнына 6 минутта жеткен.

"Келген сәтте базар аумағында контейнерлер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Объектінің электр тогынан ажыратылмағаны, сондай-ақ жақын тұрған басқа контейнерлерге оттың ауысу қаупінің болуымен өртті сөндіру қиындай түскен. Өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан контейнерлерді ашып, олардан материалдық құндылықтарды құтқарып қалды", – деп жазылған хабарламада. 

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің 50 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылған.

"Қабылданған шаралармен өрт 01:23-те жойылды. Өрт 14 сауда контейнерінде 200 ш.м жалпы ауданында орын алды. Жанып жатқан контейнерлердің бірінде өрт сөндірушілер үлкен сома ақша тауып, оны иесіне қайтарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда",  – дейді ресми органнан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу