Қарағанды қаласында бірнеше көше жылусыз қалды

486

ЖЭО-1 ауданында жүк машинасы диаметрі 1 метр болатын желіні жұлып кеткен.  

Қарағанды қаласында бірнеше көше жылусыз қалды Фото: diapazon.kz

Бұл туралы "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС диспетчерлік қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Апат таңғы сағат 5.30-да Қарағанды қаласында Гоголь көшесі мен Спасск тасжолының қиылысында болған. Белгілі болғандай, кузовы көтерілген Камаз П-тәрізді компенсатормен соқтығысқан. Салдарынан қаланың бірнеше көшесінде жылу беру азайттылды.

"Теплотранзит" ЖШС бригадасы шұғыл түрде 1000 мм диаметрлі құбыржолынан ақау тапқан.

Бұл ақауды жою үшін қалада бірнеше көшенің үйлері төмендетілген жылу беру режиміне ауыстырылады.

"ПИК және ЖС жеке секторының тұтынушылары, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың нашарлау аймағына түсетін тұрғын үйлердің жылу шаруашылығына жауапты адамдар жеткізуші жылу желілерінің, үйішілік жылу желілерінің жай-күйін қадағалап, диспетчерлік жөндеу қызметінің өкілімен тұрақты байланыста болуы қажет. Телефон: 56-51-05, олардың ұсыным-нұсқауларын қатаң орындау керек",- деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу