Қарағанды қаласында екі тұрғын үй кешені арасында жанжал туындады

746

 Жанжалдың себебі бірнеше метр жерді иелену құқығына байланысты.

Қарағанды қаласында екі тұрғын үй кешені арасында жанжал туындады Фото: 2gis.kz

Бір тараптың құрылыс салушысы қоршауды ауыстыра бастады. Бірақ, бұл қарсы бетте тұратын және аумақты өз меншігі деп санайтын бұрынғы тұрғындарға ұнамады.

Университет көшесіндегі 11 үйдің тұрғындары тыныштық таба алмай, дабыл қағып жатыр. Жақын жерде құрылыс басталып, ал, құрылысшылар осы көршілердің алаңына кедергі келтіріп, қоршауды жақындата бастаған. Жалпы, тұрғындар өздерінің жаңа ғимаратының жанында тағы біреуін салып жатқанына наразы. Соның салдарынан әртүрлі қиындықтар басталған. Мысалы, жертөлелерге су толды.

"Шынымды айтсам мына қоршаудың шаруасын естігенде таң қалдық. Бізге бір ауыз ескертсе, құжаттарды көрсетсе болар еді. Басында 80 см деген секілді еді. Енді 2 метрға жақындатып тастаған", - деді "Молодежка" ТК тұрғыны Мейрам Мұхатаев.

"Міне мына жерді қараңыздар, егер, былай жылжытса, онда көліктерді де қоя алмаймыз, қоқыс жәшіктеріне де кедергі. Онсызда сыймай жатырмыз", - деп ашынды "Молодежка" ТК тұрғыны Нұрғали.

Тұрғындар үй салудың заңды екеніне күмәнданды. Себебі, қоршау мен кәріз жүйесінің өзінде осындай заңсыз істер орын алса, онда басқасы да қате дейді. Тіпті құзырлы органдарға шағымдануға дайын.

"Қазір қоршау тұрған жер біздікі. Сондықтан 80 смге дейін жылжытуға болады. Сіздерге одан зорын айтсам, олардың аулалары, көлік тұрақтары ол тұрғын үй кешеніне тиісті емес, ол әкімдіктің құзырында", - деп жауап берді "Sadu Group" компаниясының құрылтайшысы Богдан Гудименко.

"Жастар" ТК жерді мүлдем талап ете алмайды, өйткені ол қалалық. Әкімдік жаңа құрылысқа қатысты жер учаскесі уақытша жер пайдалану құқығына тиесілі деп жауап берді. Қоршау жер учаскесінің шекарасына сәйкес жылжытылды. Олар мәселені назарға алып, жақын арада маркшейдерлермен бірге шекаралардың дәлдігін тексереді. Сәулет бөлімінде қаладағы қоршауларға қатысты жағдай айтылды. Адамдар басқа азаматтардың құқықтарын бұза отырып, жалпықалалық аумақтарда шлагбаумдар мен қоршаулар түрінде жасанды шекараларды заңсыз белгілейді.

 "Тұрғындар қазір дамыған сайын қоршаулардың, бөгеттердің болғанын қалайды. Бұл олардың қауіпсіздігіне қатысты жасалып отыр", - деді "Sadu Group"компаниясының құрылтайшысы Богдан Гудименко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу