Қарағанды қаласында карантин жариялауға негіз жоқ – Ержан Нұрлыбаев

1491

Қазір короновирус жұқтырған екі жолаушыға жақын отырғандар карантинге алынған.      

Қарағанды қаласында карантин жариялауға негіз жоқ – Ержан Нұрлыбаев

Қарағанды жұртын кеселдің екі адамнан белгілі болғандығы жөніндегі ақпарат дүр сілкіндірді. Короновирус сырқатын жұқтырған  1971 жылғы және 1972 жылғы екі азамат . Олар Қарағанды тұрғыны емес. Бұл 18 наурызда Минскіден келген ұшақтан түскен жолаушылар. Денсаулық сақтау саласының мамандары "Қарағанды қаласына кесел өткен жоқ" деп отыр.

"Минск – Нұр-Сұлтан бағытымен келе жатқан ұшақ Қарағандыға қонған. Өйткені бір мезетте Астанаға үш халықаралық рейс келіп қонғандықтан , осында ұшақты қондыруға шешім қабылданды. Бүгінде ұшақ жолаушыларының ішінде екеуінің вирусологиялық сараптама қорытындысына сай , кеселді жұқтырғаны анықталды. Жолаушыларды бірден ұшақта тексеріп , оқшаулау үшін провизорлық мекемеге жеткіздік. Бұл жолаушылар қала тұрғындарымен араласқан жоқ. Қазір кесел жұқтырғандар жұқпалы аурулар бөлімінің жеке палатасына ауыстырылған" , – деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев .

Әзірге мамандар Қарағанды қаласында карантин жарияланбайды деп отыр. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша Минскіден келген ұшақта болған жолаушылар ауруды анықтайтын тестіден өткен соң үйлеріне  босатылған.  Тек карантинде кесел жұқтырған жандармен араласқандары ғана қалыпты. Бүгінде облыс жолдарында алты бөлікке санитарлық бекет қойылған. Бұл жерде Қарағандыға бағыт алған жолаушылардың денсаулығы тексеріледі, егер дене қызуы көтерілгендер болса дәрігерлердің қолына тапсырылады.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу