Қарағанды қаласының шекарасы кеңейтілмек

432

Қарағанды облысының әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының бірлескен шешімі жария талқылауға ұсынылды.

Қарағанды қаласының шекарасы кеңейтілмек Фото: Basnews.kz

Облыс орталығының шекарасын Бұқар жырау ауданының 281 гектарын қосу арқылы кеңейту жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Үкімет келісімі бойынша Қарағанды қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларына (шегіне) Бұқар жырау ауданы жерінің ауданы 281 гектар бір бөлігін енгізу арқылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары (шектері) өзгертілсін", - делінген құжатта.

Бірлескен шешімді ашық талқылау мерзімі – 26 шілдеге дейін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу