Қарағанды облысы әкімінің атын жамылып, ақша сұрайтындар пайда болды

156

Бұл - интернет-алаяқтардың ісі. 

Қарағанды облысы әкімінің атын жамылып, ақша сұрайтындар пайда болды Фото: 3Dnews

WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың жалған аккаунты пайда болды. Бұл аккаунттан қаржылық көмек сұраған хабарлама таратылып жатыр. Бұл - жалған аккаунт, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тарағалған хабарламаға қатысты пікір білдірді. 

"WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан ақша сұраған хабарлама тарады. Бұл - фейк. Бұл - интернет-алаяқтардың ісі.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер", - деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу