Қарағанды облысы бидай мен картоп экспортын ұлғайтты

1250

Қарағанды облысы бидай мен картоп экспортын ұлғайтты

Қарағанды облысында 2018-ші жылы ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 211 мың тонна көлемінде 45 мың АҚШ долларға жоспарланып отыр. Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста ауылшаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағынжан Алақашов мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Ол аймақтағы 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу көрсеткіштері туралы есеп берді.
"2017-ші жылы ауылшаруашылық өнімдерінің және қайта өңдеуден өтетін өнімнің экспорты 40,8 млн АҚШ долларына, 190 мың тоннаны құрады. Бидай мен меслин (бидай мен қарабидай қоспасы) экспортының көлемі екі еседей ұлғайды: 4 млн АҚШ долларын құрайтын 40 мың тоннаға жуық өнім экспортталды. Картоп экспорты 3,4 есе ұлғайды – 3 млн АҚШ долларынан астам қаражатқа 10 мың тоннаға дейін", - деді Сағынжан Алақашов. 
Қарағанды облысы шет елге тауық жұмыртқасын, маргарин, макарон өнімдерін аттандырады. Бұл өнімдердің экспорты да өсті. 
Өткен жылы облыс аграрийлері 646 мың тонна бидай, 322,5 мың тонна картоп жинады. Жұмыртқа өндірісі 630 млн дананы құрады. 
2018-ші жылы облыста 908 мың га жерге жазғы дақылдар егу жоспарланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда егілетін алқаптар 55,6 гектарға кеңейтіледі. Болжам бойынша бидай мен картоп өсіру 2%-ға, жұмыртқа - 3%-ға өседі. 
Облыс әкімі елбасының алға қойған міндеттерінің бірі АӨК дамыту бойынша тапсырмалар жайлы еске салды. Бес жыл аралығында ауыл шаруашылықтағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайту керек. 
"Барлық көрсеткіштерді тағы бір мәрте сараптап шығыңыздар. Барлық мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша нақты жоспар құру қажет", - деп тапсырды Ерлан Қошанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу