Қарағанды облысы ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

148

Манарбек Шапағатов бұған дейін Абай облысы ТЖД-ны басқарған.  

Қарағанды облысы ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды Фото: gov.kz

Манарбек Шапағатов Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа басшыны Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев департаменттің жеке құрамына таныстырды.

Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

Қызмет жолында мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау, өртке қарсы қызмет салаларында түрлі лауазымдар атқарған. Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары болған.

2022 жылғы шілдеден 2026 жылғы қазанға дейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу