Қарағанды облысынан Ауғанстанға 67 тонна жұмыртқа экспортталады

769

Қарағанды облысынан Ауғанстанға 67 тонна жұмыртқа экспортталады

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Ұлттық компания" АҚ агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық орталығы Ауғанстанға тауық жұмыртқаларын жеткізу бойынша экспорттық келісім шарттарды қолдау қызметтерін көрсету үшін қазақстандық "Хасиб кунаив" компаниясымен шартқа отырды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жасалған шарт шеңберінде көрсетілген компанияның сұранысымен экспортты ұйымдастыру мақсатында экспорттық орталық тауық жұмыртқасын экспортқа шығаруға мүдделі қазақстандық құс фабрикаларына, көлік компанияларына, сондай-ақ кеден өкілдеріне іздестіру жүргізді және ұсынды. Бұдан басқа, экспорттық кедендік баждар мен алымдардың әрекеттері мен қолданылуы, ветеринарлық-санитарлық қадағалаудың бақылауындағы өнімдерді экспорттауды рәсімдеу туралы түсіндірме ақпарат берілді.

Бүгінгі таңда "Хасиб кунаив" ЖШС Алматы облысынан Ауғанстан Ислам Республикасына 16,8 тонна (288 000 дана) тауық жұмыртқасының алғашқы партиясын экспорттады. Жылдың аяғына дейін компания Қарағанды облысынан 67 тонна жұмыртқаны жөнелтуді жоспарлап отыр. 2018 жылы экспортқа жоспарланған өнімнің көлемі 7 000 тоннаны құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу