Қарағанды облысында 2,5 тоннадан астам заңсыз ауланған шаян тәркіленді

299

Сегіз күдіктінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облысында 2,5 тоннадан астам заңсыз ауланған шаян тәркіленді Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Приозерск қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында сегіз күдікті қолға түсіп, 2,5 тоннадан астам шаян тәркіленді.

Заңсыз әрекет "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Операцияны облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп жүргізген.

23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары кезінде полицейлер 2 557 келі шаянды тәркіледі.

Сонымен қатар 115 паллет, сондай-ақ заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген күдікпен жүк көлігі мен "ГАЗель" алынды.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 20 миллион теңгеге жуық. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар іздестіріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу