Қарағанды облысында 4 қарашада үш санитарлық бекет орнатылады

448

Сондай-ақ осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарлануда

Қарағанды облысында 4 қарашада үш санитарлық бекет орнатылады

Қарағанды облысында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 4 қарашада сағат 00-де сыртқы шекараларға кіруді/шығуды бақылау үшін үш санитарлық бекет жұмысын бастайды. Сондай-ақ осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарлануда, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елде аурудың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде:

1. Қызылорда – Павлодар а/ж (Молодежный к. маңында).

2. Павлодар – Баянауыл – Бұқар жырау – Қарағанды а/ж (Үміткер кенті маңында);

3. Қарағанды  –  Аягөз  –  Бұғаз автожолының 271-ші шақырымы Семей қаласы бағыты (Кентөбе кенті маңында) бойынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды, деп жазылған хабарламада.

Аталмыш бағыттар бойынша құқық қорғау органдарына, медицина қызметкерлері мен арнайы қызметтерге; халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне; жүк машиналарына; транзиттік көлікке; Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен келетін адамдарға; емделуге келетін адамдарға рұқсатнамасыз жүріп-тұруға рұқсат етіледі. Вахталық жұмыскерлер мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүретіндер өз деректерін propusk.kz сайтта қалдыру қажет.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу