Қарағанды облысында 6 мыңнан астам тұрғын экосенбілікке қатысты

1545

10 тамызда Қарағанды қаласының 5 нысанында кезекті экологиялық акция өтті. 

Қарағанды облысында 6 мыңнан астам тұрғын экосенбілікке қатысты

Оған 6 мыңнан астам адам: мемлекеттік қызметкерлер, волонтерлер, экологиялық белсенділер мен Қарағанды қаласының тазалығына немқұрайлы қарамайтын жанашыр тұрғындар қатысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласының 5 учаскесінде тазалау жұмыстары жүргізілді: Октябрь ауданындағы қоқыс тастауға рұқсат етілмеген 3 орынды жойылды. Шағын ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында, Гапеев көшесі бойындағы гараждар аумағында төрт рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.
Сондай-ақ, ауқымды тазарту жұмысы облыстың барлық қалалары мен аудандарында жалғасты. Акцияға 6 мыңнан астам адам қосылды.

Енді алда Жыланды шоқысы, Нұра, Соқыр, Ошағанды, Көкпекті өзендерінің жағасы тазартылады. Сондай-ақ, Балқаш көлі, Сатбаев атындағы су арнасының бойы, Саран су қоймасы, Иманжан өзені, Дытпай тоғаны жағалаулары, елдімекендердегі рұқсат етілмеген үйінділер қоқыстан арылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу