Қарағанды облысында 7 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған есепшіге қатысты сот үкімі шықты

294

Шахтинск қалалық сотында республикалық мемлекеттік мекеменің есепшісі М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Қарағанды облысында 7 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған есепшіге қатысты сот үкімі шықты Фото: sud.kz

Қарағанды облысында қомақты мөлшерде қаражат жымқырған мемлекеттік мекеме есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, сотталушы М. заңсыз баю мақсатында қызметтік жағдайын пайдаланып, ақшалай қаражатты өзіне негізсіз аударып отырған.

Сотталушы 2021 жылғы 1 маусымнан 2022 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта мекеме қызметкерлеріне жалақы түрінде көтермеленген төлемдер аударған. Төлем шоттарында мекеме қызметкерлерінің карточкалық шот нөмірлерінің орнына өзінің карточкалық шотын көрсетіп, осылайша РММ-не 6 943 099 теңгеге ірі мөлшерде шығын келтірген.

"Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексі 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. РММ-нің пайдасына 6 943 099 теңге сомасында материалдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап толық қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында кішкентай баласының болуы, кінәсін мойындауы мен жасаған ісіне өкінуі танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу