Жер ресурстарын басқару комитетінің Қарағанды облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалпы алаңы 750 гектар болатын жер учаскелері заңнамаға сай конкурстық рәсімдер өткізілмей берілген.
Анықталған бұзушылықтарды жою және заңдылықты қалпына келтіру мақсатында департамент Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аудандық жер қатынастары бөлімі мен жер пайдаланушы арасында жасалған шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот талап қою талаптарын толық көлемде қанағаттандырды. Жер учаскелері мемлекет меншігіне толықтай қайтарылды.