Қарағанды облысында 80-нен астам ақбөкеннің өлексесі табылды

425

Ақбөкендер өзеннен өту кезінде суға батып кеткен.  

Қарағанды облысында 80-нен астам ақбөкеннің өлексесі табылды Фото: Ашық дереккөзден

26 маусымда "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторларының, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ Нұра ауданының табиғат қорғау полициясының қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында Нұра облысының Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жерде Құлан өзенінде 86 ақбөкен өлексесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жануарлардың өлекселерінен оқ пен пункция іздері табылмады. Олардың бәрі ауланып, арнайы полигонға әкетіліп, жойылды. Өлімнің себебі – ақбөкендер өзеннен өту кезінде суға батып кеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу