Қарағанды облысында АИТВ-инфекциясына 4 мың адам шалдыққан

307

Олардың ішінде 33-і балалар.

Қарағанды облысында АИТВ-инфекциясына 4 мың адам шалдыққан Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында АИТВ-инфекциясы диагнозы қойылған 4 мың адам бар, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

ЖИТС орталығы 1990 жылдан бастап осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аймақта АИТВ-инфекциясын жұқтырудың 7 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бүгінгі таңда облыста АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған 4 мың адам тұрады. Оның ішінде АИТВ мәртебесімен 33 бала бар. Мамандардың сөзінше, олардың аналары жүктілік немесе бұл дертке шалдығу кезінде ешқандай ем-дом қабылдамаған.

Қарағанды ЖИТС-орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Ольга Мокроусова тұрғындарды тексерулерден өтуді кейінге қалдырмауға, жылына кемінде бір рет АИТВ бойынша тест тапсыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу