Қарағанды облысында әкесінің үйінде қарасора өсірген тұрғын анықталды

157

Полицейлер 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен қарасора өсіру орнын әшкереледі.  

Қарағанды облысында әкесінің үйінде қарасора өсірген тұрғын анықталды Фото: polisia.kz

Тінту барысында үй жағдайында арнайы жабдықтармен өсірілген қарасора бұталары табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған өсімдіктер пәтер иесінің 33 жастағы ұлына тиесілі. Ол күз мезгілінде қарасора тұқымдарын әкеліп, әкесінің пәтерінде шағын жылыжай ұйымдастырған.

Тәртіп сақшылары қарасора өсірілген құмыраларды, өсімдіктерге қажетті микроклиматты қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қағазға оралған кептірілген өсімдіктерді заттай дәлел ретінде тәркіледі. Зейнеткердің ұлы тұқымдардың өзіне тиесілі екенін растады.

Оның мәлімдеуінше, қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсірген. Сондай-ақ күдікті есірткі заттарын біршама уақыт бойы тұтынып жүргенін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктінің есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну фактісін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу