Қарағанды облысында әлемнің үздік мергендері бақ сынайды

643

"Алтын үкі – 2018" VIII халықаралық сайысы өтеді.

Қарағанды облысында әлемнің үздік мергендері бақ сынайды

2018 жылғы тамыздың 20-ы мен 25-і аралығында Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығының базасында мергендер жұбының "Алтын үкі – 2018" VIII халықаралық сайысы өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Алтын үкі" кубогына әлемнің 11 елінен, яғни, Ауғанстан, Белоруссия, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Ресейдің үздік атқыштары бақ сынасады.  

Бақылаушы ретінде сайыстарға АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатысады.

Бес күн бойы оқ ату шеберлері әртүрлі қашықтықтан, жылдамдықтан, әртүрлі нысаналар бойынша оқ атудан, күндізгі және түнгі уақытта жүріп өтілген жерде бүркемелеу мен бағдарлау машығынан күш сынасады. Бұл жарыс "Алтын үкі – 2018" сайысының өткізілуі тарихында ең ауқымдысы болмақ. Кей елдер алғаш рет қатысқалы отыр.

Сайысты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде АҚШ, Иордания, Белоруссия, Ресей және әлемнің өзге елдерінің мергендер сайысына бірнеше мәрте қатысқан қазақстандық атқыштардың қатысу тәжірибесі ескерілді. Мергендер өнерінің азиялық форумы аясында өткізілетін "Алтын үкі" кубогының ойнатылуы мықты кәсіби байланыс орнату және сайыс қатысушылары арасында тәжірибе алмасу міндеттерін жүктейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу