Қарағанды облысында алғаш рет электронды қылмыстық іс қаралды

820

Қарағанды облысында алғаш рет электронды қылмыстық іс қаралды

Қарағанды облысы "Электронды қылмыстық іс" республикалық пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми ақпараттық порталы.

Алғашғы электронды форматтағы қылмыстық істі Жезқазған қалалық соты қаражатты жұмсап тастаған (ҚР ҚК 189 бап 2-бөлім 3-тармақ) мемлекеттік қызметкерге қатысты қарастырды. Қылмыстық істің материалдары бойынша ветеринария бөлімінің бас есепшісі өзіне сыйақылар тағайындап, мемлекетке 373 мың теңге көлемінде шығын келтірген. 
Кінәсін мойындағаны және шығынды өтегенін ескеріп, сот бұл әрекетке барған әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. 
"Қылмыстық сот істерін жүргізуге ақпараттық технологияларды енгізу оның ашықтығына септігін тигізеді. Тергеу және нәтижелер алу мерзімі анағұрлым қысқарады. Бағдарлама сондай-ақ қылмыстық процессті қарапайымдатады және сапалы етеді, қағаз құжат аламасуға кететін шығындарды оңтайландырады", - деп атап өтті қалалық сотта. 
"Электронды қылмыстық іс" жобасы процесстің барлық кезеңдерін қамтиды: қылмысты тіркеуден бастап, жазаны атқаруға дейін. Пилоттық жобаны енгізу және ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы бірлескен жарлыққа 2017-ші жылдың 11-ші тамызында ҚР Бас прокурорымен, ҚР Жоғарғы сот төрағасымен, қаржы министрімен, ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің төрағасымен және ішкі істер министрімен қол қойылған болатын. Бағдарламаны алдымен Астана қаласында және Жамбыл облысында сынап көрді, сонан соң республиканың басқа да аймақтарында енгізе бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу