Қарағанды облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады

379

Тиісті шешімді облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс XXXIII сессияда қабылдап, өңірді басқару құрылымына өзгерістер енгізуді бекітті.

Қарағанды облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады Фото: 2gis.kz

Жаңа орган баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына жауапты барлық қызметтердің жұмысын үйлестіретін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Спабековтің хабарлауынша, басқарма Үкімет қаулысына сәйкес құрылып отыр. Ол қазіргі таңда балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері аса өзекті екенін атап өтіп, жаңа орган осы бағыттағы негізгі құрылымға айналатынын жеткізді.

Сондай-ақ депутаттар ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады. Енді ол цифрлық технологиялар басқармасы деп аталады. Оның құзыреті кеңейтіліп, соның ішінде жасанды интеллектіні дамыту саласын да қамтитын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу