Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

483

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары хабарлап отыр. 

Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында да барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары хабарлап отыр. Соның салдарынан таңертеңгі сағат 9-дан 11:30-ға дейін 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол-патрульдік полициясының жұмысы күшейтіліп, барлық бағыттағы жолдар кез келген көлік түрлері үшін жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу