Қарағанды облысында барлық мектептің қазандықтары тексеріледі

341

Өңірде 302 білім беру мекемесі дербес жылыту қазандықтарымен жылытылады.  

Қарағанды облысында барлық мектептің қазандықтары тексеріледі Фото: saryarka-samaly.kz

Мектеп жанындағы қазандықтардың көпшілігі 1990 жылдары салынған. Сол кездері мұндай жылыту жүйесі ғимараттардың мұздап қалмауын қамтамасыз етудің және балалардың жылы сыныптарда білім алуына мүмкіндік берудің жалғыз жолы болды, деп жазады inbusiness.kz.

2009 жылы өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа техникалық регламент қабылданды. Қазандықтар оқу орнынан 50 метр қашықтықта салына бастады.

5 жыл ішінде 73 қазандық жертөлелер мен ғимараттардан шығарылды. Қазіргі уақытта 147 мектепте қазандықтар санитарлық нормалар мен ережелерді бұза отырып орналасқан. Алдағы үш жылда 74 мектепте жағдайды түзету жоспарлануда.

Жаңа оқу орындарын салу кезінде заманауи және қауіпсіз қазандықтар қарастырылған.

"Барлық жаңа және ескі қазандықтарды қауіпсіздік, жарақтандыру деңгейіне және ықтимал тәуекелдердің бар-жоғын тексеру туралы шешім қабылданды. Комиссияға облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, ТЖД және энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері кіреді. Біздің міндетіміз – нормативтерге сәйкес келмейтін қазандықтарды анықтау және шаралар қабылдау", – деді білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу