Қарағанды облысының Балқаш қаласына қарасты Шұбар-Түбек кентінен Торанғалық кентіне қарай төрт шақырым жерде жеңіл автокөлік батпаққа батып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көліктің ішінде төрт адам, оның ішінде бір бала болған. Олар жолды өздігінен жалғастыра алмаған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары демалушыларды эвакуациялап, көлікті батпақтан шығарып, қауіпсіз жерге сүйреп апарды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу