Қарағанды облысында бір отбасының 4 баласы көз жұмды

3304

23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында бір отбасының 4 баласы көз жұмды Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде үйде балалардан басқа ешкім болмаған.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.

"Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу