Қарағанды облысында биыл жастар жобаларына 95 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады

715

Қарағанды облысында биыл жастар жобаларына 95 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады

Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбайдың айтуынша, өткен жылы облыста жастарға арналған 29 түрлі жобалар жүзеге асырылды. Енді олардың 12-і қалды. 

"Біз түрлі фестивальдер, байқаулар мен флеш-мобтарды алып тастадық. Жұмыссыз жүрген жастарға бағытты көмек көрсетуге басымдылық танытқымыз келеді. Жұмыссыздық деңгейі соңғы жылда өзгерген жоқ, бес пайызды құрайды. Бізге бұл санды төмендету қажет", - деп мәлімдеді Мирас Құттыбай. 

Түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылмақ. Жастар кез келген уақытта қай кезде және қай жерден жұмыс табуға немесе қайта оқудан өтуге болатыны туралы ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін облыста арнайы жоба – электронды журнал іске қосылады. Ол жұмыс іздегендер қайда бару керектігі, аймақта жүзеге асырылып жатқан жастар бағдарламалары, қайта оқудан өту бойынша бағдарламалар мен бос жұмыс орындары, сондай-ақ өз бизнесіңді ашуға грант алу тәсілдері туралы ақпараты бар мобильді қосымша ретінде болады.

Ірі жобалардың тағы бірі – жастарға арналған коворкинг орталық құру. Коворкинг орталық – ол ІТ-технологияларды оқып, зерттеу және бағдарламалау курстарын ұйымдастыра алатын, сонымен қатар өз ісіңді ашу бойынша кеңес беретін мекеме. Сол жерде жастар білімдерімен, тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісе алады. 

"Коворкинг орталық өзіміздің жас стартаперлерімізді өсіріп шығару үшін қажет. Мұндай тәжірибе Алматы мен Астанада бар, біз де олардың тәжірибесіне қарай отырып, өзіміздің жастардың дарындарын жетілдіріп, бағалы кадрларды осында қалдырып, жергілікті экономиканы дамытуымыз керек", - деп түсіндірді Мирас Құттыбай.

Еш жерде ресми түрде жұмыс істемейтін және оқымайтын жұмыспен қамтылған жастарға да ерекше көңіл бөлінуде. Олардың көбісі қалалық базарларда нанын тауып жүргендер. Солар үшін арнайы түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жұмысқа орналастыру мен қайта оқудан өту бойынша бағытты көмек көрсетілетін болады. Оған қоса биылғы жылы мұндай жастарға арналған "Дүйсенбілік футбол" акциясы басталады. Ұйымдастырушылар бұл шараға қатысушылар спортпен айналысып қана қоймай, бір бірлерімен әңгімелесіп, пікірлерімен және идеяларымен бөлісе алады деп ойлайды. 

Барлығы Қарағанды облысында 15-тен 28-ге дейінгі жас аралығында 304 269 жастар тұрады. Олардың ішінде 135,2 мыңы ресми түрде жұмыс істейді немесе оқиды. Экономикалық белсенді (өз бетінше өмір сүру көзі бар немесе соны қалайтын) жастар – 142,4 мың адам. Жұмыссыздар – 7,2 мың адам. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу