Қарағанды облысында биыл 480 гектар жерге орман отырғызылады

987

 Қарағанды облысында биыл 480 гектар жерге орман отырғызылады

Биыл Қарағанды облысында 480 гектар орман отырғызылады. 23 гектарға қылқан жапырақтылар отырғызылса, қалғанына – жапырақты ағаштар егіледі, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Жаңа ағаштар қарағандылық, жаңаарқалық, теміртаулық, кувск орман шаруашылықтарында және Қарқаралы ұлттық саябағында пайда болады. 
"Біз өз тәлімбақтарымызда тұқымнан өсірілген екі жылдық көшеттерді отырғызамыз. Ағаштардың бойы небары 10-15 сантиметр, жерсініп кету нормасы 60% құрайды. Алғашқы үш жылда біз егілген аумақты толықтырып отырамыз, дәлірек айтар болсақ, жерсінбеу қурап қалған ағаштардың орнына жаңасын отырғызамыз", - деді Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябақ директоры Ерлан Құтпанбаев. 
Ағаштар отырғызылған соң аумақты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы тексереді. Бір гектарға шамамен 8 мың көшет отырғызылады. Бір көшеттің өзіндік құны 7-8 мың теңгені құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу