Қарағанды облысында есірткі өсірген тұрғын анықталды

821

62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдіктердің плантациясын анықтады.

Қарағанды облысында есірткі өсірген тұрғын анықталды Фото: polisia.kz

Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысатынын анықталды. 30 маусым күні оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы аталған ақпаратты растады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркіледі. Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына “Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу