Қарағанды облысында геологиялық барлау көлемі артады

1471

Өңір аумағында 345 жер қойнауын пайдалану объектілері жұмыс істейді. 

Қарағанды облысында геологиялық барлау көлемі артады

Өңірде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 100 мың шаршы метрден астам алаңда Өңірлік зерттеулер көзделген. Бұл моноқалалардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің, ірі тау-кен компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының мемлекеттік балансында 51 мыс кен орны, 56 алтын кен орны, 32 қорғасын кен орны, 28 мырыш кен орны, 36 марганец кен орны және 26 темір кен орны бар. Мұнда тас және қоңыр көмірдің айтарлықтай қоры шоғырланған - 11,2 млрд тонна. Бұл ретте Қарағанды көмір бассейні республиканың металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кокстелетін көмірдің негізгі жеткізушісі болып табылады.

"Мемлекет басшысы геологиялық барлаудың тұрақты дамуын және ел бойынша минералдық-шикізат базасының толықтырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін геологиялық барлаудың бес жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Бағдарлама Қазақстанның табиғи байлығын геологиялық зерттеу саласында қойылған барлық міндеттерді орындау үшін маңызды құжатқа айналады", – деді министр Мағзұм Мырзағалиев. 

Орталық Қазақстанды зерттеуге қаражат мемлекеттік бюджеттен де бөлінеді. Оның ішінде Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде 17 объектідегі жұмыстар қаржыландырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу