Қарағанды облысында індет жұқтыру көрсеткіші 7%-дан асып кетті

699

Қарағанды облысында карантиндік шектеулер қайта енгізіледі 

Қарағанды облысында індет жұқтыру көрсеткіші 7%-дан асып кетті

13 маусымнан бастап Қарағанды облысында карантиндік шектеулер қайта енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 

"Халық оқшаулану, әлеуметтік қашықтық сынды санитарлық талаптарды ескермеуде. Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша өңірде індет жұқтыру көрсеткіші 7%-дан жоғары болса карантиндік шектеулер қайта енгізіледі. Біздің облысымызда бұл көрсеткіш 7,3%-ды құрайды. Сондықтан 13 маусымнан бастап шектеулер енгізіледі", – деді ол. 

Осылайша 13 маусымнан Жезқазған, Қарқаралы ауданы, Шет ауданының Жарық ауылы оқшауланып, блокбекеттер қойылады. Мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Сонымен қатар сауда нысандарының жұмыс істеу уақыты бойынша да шектеулер енгізіледі.

"Құрметті қарағандылықтар! Осынау қиын кезеңде өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін шара қабылдап жатқандарға алғысымды білдіремін. Барлықтарыңызды шыдамды болуға шақырамын. Біздің әдеттегі тіршілігімізге оралуымыз тек сіз бен бізге байланысты", – деді Жеңіс Қасымбек. 

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны артып келеді. Тек өткен тәулікте осындай 52 жағдай тіркелді. Ал соңғы аптада симптомсыз 303 науқас анықталды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу