Қарағанды ​​облысында ірі қара мал жаппай қырылуда

856

Ветеринарлар дәрі-дәрмек сатып алу процесін тездетуді сұрады. Өңірде вирустық диарея мен жұқпалы ауруларға қарсы вакцинаның 350 мыңнан астам дозасы жетіспейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды ​​облысында ірі қара мал жаппай қырылуда

Қарағанды ​​облысының Шет ауданында қазірдің өзінде 76 бас сиыр мен бұзау өлген. 150-ден астам ірі қара бақылауда, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ауру малдың еті сатылымға шығып кетпес үшін Ақшоқы ауылында санитарлық пост орнатылып, өлекселер арнайы пештерде өртелуде.

Фермерлер ірі қараның бірнеше күн ішінде бірдей белгілермен өлгенін айттып отыр.

Жергілікті мал дәрігерлері бұл анаэробты инфекция деп болжауда, өйткені малға екпе жасалмаған.

Қарағанды ​​облысының ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков Украинадағы қарулы қақтығыс салдарынан екпе жоспары орындалмай қалғанын айтты.

Сондай-ақ мамандар аурудың таралуына даладағы құрғақ ыстық ауа райы ықпал етуі мүмкін деп болжам жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу