Қарағанды облысында ірі қарадан пастереллез індеті анықталды

356

Пастереллез – жабайы және ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы ауруы.  

Қарағанды облысында ірі қарадан пастереллез індеті анықталды Фото: eldala.kz

Қарағанды облысының Сарытерек ауылдық округіндегі "Ақшағыл" қыстау аумағында ірі қара малдың пастереллезбен ауыруына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пастереллез ауруы жоғары жұқпалылықпен және тез өршуімен сипатталады. Ірі қара малда ауру температураның күрт көтеріліп, жем-шөптен бас тарту, ісіну тыныс алудың қиындау белгілерімен байқалады.

Ауру жануарлар арасындағы тез таралады және жедел ветеринарлық шараларды қажет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу