Қарағанды облысында қасақана банкроттық рәсімдеген ЖШС басшысы сотталды

Ол банкроттық рәсімдеу кезінде мүлкін жасырған. 

Қарағанды облысында қасақана банкроттық рәсімдеген ЖШС басшысы сотталды Фото: almaty.tv

Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша МКД-де хабарлады.

Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша 2020 жылғы қарашада ЖШС басшысы 114 млн теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылды.

Әдейі банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне (дәрменсіздігіне) әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес департамент ЖШС қызметіне талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша ЖШС-да қасақана банкроттықтың бар белгілері туралы қорытынды жасалды.

Айыпты заңға қайшы әрекеттер жасап, мүлікті жасыру арқылы 
71 млн теңгеден астам сомаға ЖШС балансында тұрған тауарлық-материалдық қорларды есептен шығарған. 

Осы факті бойынша ЖШС басшысы мен жалғыз құрылтайшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен "А" деп аталатын ЖШС-ның басшысы 2023 жылдың маусым айында ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда бір жыл мерзімге ұйымдық-өкімдік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкімі шығарылды", – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу