Қарағанды облысында Киікті ауылы "алкогольсіз ауыл" атанды

743

Тұрғындар құқықтық сауаттылықты арттыруға атсалысуда.  

Қарағанды облысында Киікті ауылы "алкогольсіз ауыл" атанды Фото: Zakon.kz

Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы "Құқықтық өмір салты" жобасы аясында Киікті ауылына "Алкогольсіз ауыл" мәртебесін берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған бастама жергілікті тұрғындардың кең қолдауына ие болып, қоғам тарапынан оң бағаланды. Ауыл халқы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларға белсенді түрде атсалысқан.

Жоба шеңберінде ауыл тұрғындары арасынан арнайы елші тағайындалды. Ол тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бастаманы іске асыру алдағы уақытта да жалғасады. Бұл жұмыстар құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етпек.

Шет ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты нығайту және салауатты өмір салтын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу