Қарағанды облысында құс тұмауы тіркелді

806

Нұра ауданындағы үй  құстары  қырылған екі ауыл карантинге жабылады.  

Қарағанды облысында құс тұмауы тіркелді

Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Тассуат, Изенді ауылдарында осыдан үш күн бұрын құстардың қырылуы тіркелген болатын. Бұл екі ауылда үйрек, қаз, тауықтар ауырып қырылып қалған. Бүгінде қырылған үй құстарының саны жүз төртке жетті. Жергілікті  билік жұртты даурықпауға шақырған еді. Мамандар құстар өлімі тіркелген бойда олардан  сараптама алып, сынамасын зерттеуге Нұр-Сұлтан қаласына жіберген болатын. Бүгінде сол сараптаманың қорытындысы шыққан. Тассуат, Изенді ауылдарында қырылған үйрек, тауықтардың құс тымауымен ауырғаны нақтыланды. 26 қыркүйектен бастап Нұра ауданындағы Тассуат, Изенді ауылдарында карантиндік  шектеу шаралары енгізіледі. Құс өнімдерін аталған екі ауылдан сыртқа шығаруға тыйым салынады. Нұра ауданына Қарағандыдан ветеринар мамандар кетті.

"Бүгінде сараптама қорытындысына сай Тассуат, Изенді ауылдарындағы құстарда  құс тымауы сырқатының болғаны нақтыланды. Әзірге осы екі ауылда карантин шаралары енгізіледі . Бұл ауылдарда күн сайын ветеринар мамандар жағдайды бақылау үшін күнделікті мониторинг жүргізіп отырады", – деп мәлімдеді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров.

Құс тымауы тіркелген ауылдың маңында үй құстарына вакцина салу жұмыстары қолға алынады.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу