Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында, Атамекен ауылы маңындағы "Астана – Алматы" автожолында жеңіл көлік жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қатты зақымданған көліктің ішінде қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен көлікте қысылып қалған адамды шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Ол ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу