Қарағанды облысында қызылшаның 16 жаңа жағдайы тіркелді

350

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. 

Қарағанды облысында қызылшаның 16 жаңа жағдайы тіркелді Фото: inbusiness.kz

Қызылша ауруы өңірде осы жылдың ақпанынан бастап тіркелуде, инфекция сырттан әкелінген. Бұл туралы Қарағанды облыстық облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, эпидемиологиялық ахуал шілдеден бастап күрделене түсіп, 35 жаңа жағдай тіркелген. Тамызда бұл көрсеткіш 53 болса, ал 1-5 қыркүйек аралығында 16 жаңа жағдай тіркелді. Осылайша 5 қыркүйек бойынша облыста қызылшаға күдікпен 134 жағдай тіркеліп, 100-і зертханалық расталды. Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар басым (79,2 %).

"Инфекцияның алғашқы жағдайлары алыс және жақын шет елдерден барған адамдардан анықталды. Олар Ыстанбұл, Ташкент, Египет, Ресей, Шри-Ланка, Кипрден, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларынан – Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Шұбаркөл қалаларынан келді. Бүгінде отбасылық және туыстық байланыс арқылы сырқаттанудың тіркелуі байқалып отыр. Мұндай науқастардың үлесі 36%-ды құрады", - деді Гүлжан Байғұтанова.

Департамент өкілі инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу