Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу үшін 17 мобильді бекет қойылды

862

Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 25 дерек тіркелді.

Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу үшін 17 мобильді бекет қойылды Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысының аумағынан өтетін республикалық және жергілікті тас жолдарға сондай-ақ, өзге облыстармен шектесетін жерлерге мал ұрлығының алдын алуға байланысты 17 мобильді бекеттер орналастырылды.

Мобильді бекеттерде криминалдық полиция, патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары жұмыс жасайтын болады. Негізгі мақсат, күздік және соғым уақыттарында мал ұрлығының алдын алу және қылмыстың жолын кесу.

-Негізінен осы уақыттарда мал өсірумен айналысатын шаруа қожалық иелері жәбір көреді. Бір ғана мысал келтірейін. Криминалдық полиция және Ақтоғай аудандық полиция қызметкерлерінің жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан төрт адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олардың алты қылмысқа қатыстылықтары дәлелденді. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев. 

Сондай-ақ, Аслан Өскембаев бекеттерде тұратын қызметкерлердің міндеті ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеру, олардың құжаттарының сәйкес болуын қарау екенін атап өтті.

 Жыл  басынан бастап, облыс аумағында мал ұрлығына қатысты 25 дерек тіркелген. Кешенді іс-шаралар барысында 10 қылмыс ашылған. Мал ұрлығымен тұрақты түрде айналысқан екі қылмыстық топ ұсталып, олардың 8 фактіге қатысты екендері  дәлелденді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу