Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды

1221

Бүгін Қарағанды қаласында медициналық сақтандыру жүйесінің пилоттық жобасы жұмысын бастады.

Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды

Қанатқақты жобаның міндеті барлық денсаулық сақтау жүйесінің МӘМС енгізуге дайындығына аудит жүргізу және қажет болған жағдайда жүйеге уақтылы түзетулер енгізу.

"Медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу  алдын ала кемшіліктерді   анықтауға және оларды 1 қаңтарға дейін жедел түзетуге мүмкіндік береді. Біз нормативтік-құқықтық базаға, ақпараттық жүйелердің дайындығына, медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебіне, сатып алу мен төлемді жетілдіруге барынша назар аудардық. Медициналық сақтандыру жүйесін тестілеуден өткізуге республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді",– деді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пилоттық жоба бойынша жүрек-қантамыр жүйесі, қант диабеті, глаукома және вирустық гепатит ауруларын ерте анықтау үшін 175 мыңнан астам адамды профилактикалық тексеруден өткізуге және медициналық оңалу қызметтеріне  2,3 млрд теңге бөлінген.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі –ТМККК) пакетінде пилоттық аймақтың тұрғындары үшін 5,6 млн медициналық қызмет қарастырылған, одан тыс сақтандыру қаржысы есебінен 2,7 млн медициналық қызмет көрсетіледі деп жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу