Қарағанды облысында мотоцикл тізгіндеген 2 адам жол апатынан қаза тапты

106

Жол апаты 16 сәуірде кешкі уақытта Шет ауданының Ағадыр кентінде болған.  

Қарағанды облысында мотоцикл тізгіндеген 2 адам жол апатынан қаза тапты Фото: Видеодан скриншот

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі мотоцикл жол апатына ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, олар бір бағытта қозғалып келе жатқан көрінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жол апаты салдарынан 37 және 17 жастағы мотоцикл жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Бекзат Сәулембаев.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және өз қауіпсіздігі мен айналадағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу