Қарағанды облысында оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін орталық ашылды

486

Мансап құру орталығы мектеп оқушылары сарайы базасында ашылды.

Қарағанды облысында оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін орталық ашылды

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық қалалар мен аудандарда осындай орталықтар құруды тапсырды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының қабілеттерін анықтау және кәсіби бағдарлау саясатына өту қажеттілігін ерекше атап өтті. Осы міндеттерді іске асыру үшін біз EDTECH халықаралық білім орталығының бағдарламасы бойынша мектептерде кәсіби бағдарлау жүйесін өзгертуге кірістік. Бағдарлама негізінде жоғары сынып оқушылары үшін отандық КАSIP цифрлық кешендік кәсіби бағдарлау жүйесі жатыр. Ол тұлға ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып жастарды мамандық таңдауға дайындауға бағытталған", – деді, Сәтпаев әкімі Асқар Идрисов онлайн режимде өткен тамыз конференциясында.

Қалада Кәсіби бағдарлау бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Оны Асқар Идрисов басқарады, құрамына Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының, "Қазақмыс" корпорациясының, Жұмыспен қамту орталығының, "Жастар" жастар ресурстық орталығының, ЖОО-ның, колледждердің өкілдері кірді.

Мансап құру орталығы мектеп оқушылары сарайы базасында ашылды. Мектеп бітірушілер мен жоғары сынып оқушыларын кәсіби диагностикалау үшін екі тестілеу өткізілді. Әкімнің айтуынша, нәтижелер техникалық мамандықтарға жоғары қызығушылықты көрсеткен.

Қарағанды облысының SANA skills пилоттық жобасына қатысуы туралы SANA Ғылыми-практикалық психология орталығының директоры Алтынай Абдрахманова баяндады. Төменгі сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламаны сынамалау екі астаналық және бес қарағандылық мектепте өтеді.

"Бұл жылы Six Seconds халықаралық компаниясымен әріптестікте пилоттық жоба қатысушыларының әлеуметтік-эмоционалды климатын зерттеу өткізілді. Сауал алуға 630 сұхбаткер қатысты. Нәтижелер балалар мен педагогтар тарапынан бағдарламаға үлкен қызығушылықты көрсетті", – деп орталық басшысы мәлімдеді.

Оның пікірінше, ата-аналардың рөлін арттыру керек. Бұл үшін тренингттер және семинарлар ұйымдастырылады.

Өңір басшысы екі жобаны да мақұлдады және жұмысты жалғастыруды тапсырды.

"Бізге оқушыларды мамандықты саналы, өз бетімен таңдауына итермелеуіміз, оларда кәсіби өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындықты қалыптастыруымыз қажет. Бұл тек қоғамға емес, ең алдымен жас адамның өзіне керек. "Мектеп оқушыларына арналған мансап құру орталығы" жобасын іске асыру тәжірибесі облыстың барлық өңірлеріне көрсетілуі қажет", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ол кәсіби бағдарлау бойынша облыстық үйлестіру кеңесін құруды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу