Қарағанды облысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

170

Қарағанды облысында пәтер ұрыларынан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұстады. Анықталғандай, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған.

Жыл басында күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен.

"Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу