Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кетті

169

Бала аман қалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кетті Фото: freepik

Оқиға 1 маусым Қарағанды-Ақадыр учаскесінде болған. ҚТЖ-ның хабарлауынша, жүк пойызының машинисі баланы рельс үстінде көргеннен кейін шұғыл тежеуді басқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Полицейлер жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады:

"Аталған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу