Қарағанды облысында салынып жатқан мектеп асханасы желден құлап қалды

724

Тұрғындардың айтуынша салынып жатқан  мектеп нысанының қабырғасы жұқа болып шыққан.

Қарағанды облысында салынып жатқан мектеп асханасы желден құлап қалды Фото: видеодан алынған кадр

Ағадыр кентіндегі Ә. Ермеков атындағы мектептің жанынан салынып жатқан асхана мен спортзалдың құрылыс нысаны желге шыдамай құлап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тұрғындар бұл жайтты бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге таратты. Құрылысты салу жұмыстары созылып кеткен. Бұл жөнінде қоғам өкілдері көп шағымданған екен. 

“Шет ауданы, Ағадыр ауылындағы Ермеков атындағы орта мектепте құрылыс жұмыстарын  "Ер-Қанат сервис" құрылыс компаниясы бастаған болатын. Келісім 2021 жылы жасалған. Бірақ бұл кәсіпорын жұмыс кестесінің кешігуіне бірнеше рет жол беріп, нысанды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталғандықтан, сметалық құжаттамада көрсетілген бағаға сәйкес келмейтіндіктен, тірек қабырғаларының кірпішін бөлшектеу туралы бұйрықтар берілді. Бөлшектеу қазірдің өзінде жүргізілді. Желден болу керек  осы нысан құлап қалған”, - деп мәлімдеді Құрылыс басқармасы басшысы Мұрат Мағзин. 

Мектеп асханасы мен спорттық залын жетістіріп сала алмаған мердігермен басқарма біржақты түрде келісім шартты бұзған. Қазіргі уақытта құрылысты аяқтау үшін тендер жарияланып , жаңа мердігер анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу