Қарағанды облысында сатып алу құқығымен 250 жалдамалы пәтерге өтінім қабылдау басталды

187

Жалға берілетін пәтерлер Саран қаласында, Химик шағын ауданында орналасқан.  

Қарағанды облысында сатып алу құқығымен 250 жалдамалы пәтерге өтінім қабылдау басталды Фото: gov.kz

8 шілдеде Қазақстандық тұрғын үй компаниясының желісі бойынша "сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өтінімдер 17 шілдені қоса алғанда Қарағанды қаласы Поспелов көшесі, 16 үй және Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65 үй мекен-жайында қабылданады.

"Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қарағанды облысы бойынша "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған қандастар, есепке қою елді-мекеніне қарамастан, оның ішінде әкімдіктер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері қатыса алады", – деп хабарлады Энергетика және ТКШ басқармасы.

Бағдарламаның шарттары бойынша бастапқы жарна талап етілмейді. Жалдау құны пәтерлер саны мен ауданына байланысты айына 60 мыңнан 147 мың теңгеге дейін.

Жалдау мерзімі 20 жылға дейін, сондай-ақ барлық соманы мерзімінен бұрын төлеу арқылы үйді ертерек сатып алуға болады.

Жедел желі: 8-800-080-44-48.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу