Қарағанды облысында шетелдік азаматтарды жұмысқа заңсыз тартқан 64 жастағы фермер ұсталды

219

Қарқаралы ауданында полицейлер шетелдік азаматтардың заңсыз жұмыс істегенін анықтады.

Қарағанды облысында шетелдік азаматтарды жұмысқа заңсыз тартқан 64 жастағы фермер ұсталды Фото: polisia.kz

Заң бұзушылық "Заңсыз келуші" іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан үш өзбек азаматын анықтап, көші-қон заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды.

Қазір осы дерек бойынша тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу