Қарағанды облысында Солтүстік-Шығыс айналма жолы пайдалануға берілді

1035

Мамандар жол сапасы шамамен 15 жыл жөндеуді қажет етпейді дейді.

Қарағанды облысында Солтүстік-Шығыс айналма жолы пайдалануға берілді

Қарағанды облысында Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды. Енді орталық көшелерден транзиттік және жүк көліктері мүлдем жүрмейтін болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Осылайша, 2017 жылы құрылысы басталған жол ақыры пайдалануға берілді. 

Жалпы, қала тарихында халықаралық стандартқа сай жол алғаш рет салынып отыр. Нұр-Сұлтан, Алматы бағытына қалаға кірместен, дәл осы айналма жолмен бірден өтіп кетуге мүмкіндік ашылды. Сонымен қатар, Екетеринбург – Алматы дәлізі де кіретін болады. Павлодар қаласы мен Шығыс Қазақстан облысына шығу жолдары да бар. Енді онсыз да күніне 22 мыңға жуық көлік өтетін Қарағандының орталық көшелері аздап босайды.

Заманауи жол төрт жолақты, есептік жылдамдық – сағатына 120 шақырым. Мамандар жол сапасы шамамен 15 жыл жөндеуді қажет етпейді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу